Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак сутденттері ғылыми жұмыстарын сарапқа салды

nmu.kz 22.02.2019 3282 0 пікір
Нұр-Мүбарак сутденттері ғылыми жұмыстарын сарапқа салды

Нұр-Мүбарак университетінде «Қазіргі кезеңдегі дін: мәселелері және шешімдері» деп аталатын конкурстық студенттік ғылыми конференция өтті. Конференцияға «Ислам ілімдері» факультетінің исламтану, дінтану мамандығы бойынша білім алушы студенттер ғылыми зерттеулер әлеміне алғашқы қадамдарын жасады. Конференция ашылу салтанатында ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат әл-Жинди:

"Сіздер қоғам үшін Нұр-Мүбарак университетінің ғана емес, ислам ілімінің елшісісіздер. Сіздер арқылы ел біздің университетке баға беріп, мұсылмангершілікті таниды, имандылыққа бет түзейді. Сондықтан бүгінгі ғылыми конференция сіздерге білім әлеміне хайырлы есіктер ашып, ғылым саласында нық басуға алғашқы сәтті қадамдарыңыз болсын",-деп студенттерге батасын беріп, ұйымдастырушылар мен жетекші оқытушыларға, кафедраларға сәттілік тіледі.

Конференцияға жалпы 40-қа жуық шәкірт жұмыстарын ұсынды. Дінтану саласынан «Зайырлылық принциптері және дін-мемлекет қатынастарының құқықтық негіздері» секциясы бойынша бакалавриат бөлімімен қатар магистратуралық деңгейде білім алушы магистрлар, барлығы 14 қатысушы білімдерін сарапқа салды. Сол сияқты исламтану секциясы бойынша  да 24 студент зерттеу жұмыстарын оқытушы-ғалымдардың алдында қорғап шықты. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, мақтау қағазымен қатар, сыйлықтармен марапатталды.

«Исламтану» кафедрасының меңгерушісі PhD Нұрлан Анарбаев: «Білімді меңгеру бар, ал зерттеу жасап оны қағазға түсіру біраз еңбекті талап етеді. Сондықтан осы зерттеулерін ұсынған білім иелерін болашақтағы ғылыми жобаларда көреміз деген үміттеміз»,- деп зерттеу жұмыстарына жоғары баға беріп, ұстаздық тілектестігін білдірді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру