Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Жұмадағы қайырымдылық жәрмеңкесі

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 22.02.2019 2791 0 пікір
Павлодар: Жұмадағы қайырымдылық жәрмеңкесі

Қасиетті жұма күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласына мешіттің әйел-қыздар жамағаты бірлесіп «Қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Жәрмеңке мақсаты - әйел-қыздар өздерінің жасаған әртүрлі тамақ өнімдерімен қоса қайырымды жандардың берген түрлі бұйымдарын, ҚМДБ сараптамасынан өткен әртүрлі діни кітаптарды жұма намазына келген жамағатқа сатып, түскен қаражатты ауыр сырқатқа шалдығып, емделуге мәжбүр болған «Нұр Мүбарак» университетінің студентке аудармақшы.

«Бұдан бұрын да мешіт ауласына осындай жәрмеңкелер ұйымдастырған едік. Алланың қалауымен бұл күні де  қайырмыдылық мақсатындағы жасаған жәрмеңке саудасы біраз қызды. Енді түскен қаражатты  аталған студент бауырымызға табыс етеміз. Бұл біздің ізгі ниеттен шығып жатқан қарлығаштың қанатымен су сепкендей үлесіміз болмақ»,-дейді жәрмеңкені ұйымдастырушы қарындастарымыз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру