ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы мен қалалық «Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» акциясы аясында 200 адамға түскі ас таратылды.
Шараға арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы аталмыш бастаманың мақсаты - жастарға үлкендерді құрметтеуді, еңбекті бағалауды насихаттау және мейірімді болуға, жақсылық жасауға шақыру екенін жеткізді.
Өнегелі шарада қыстың ызғарлы күніне қарамастан нәпақа табу үшін қаланың әр түрлі аумағындағы базарларда сауда жасау, етік тігу, көше тазалау, т.б. қызмет жасап жүрген тұлғаларға түскі ас таратылды.
Жастар жылы құрметіне орай өткізілген акцияға облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және жергілікті кәсіпкерлер де өз үлестерін қосты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
22.02.2019
2876
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру