Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

VIII республикалық Құран жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 21.02.2019 4679 0 пікір
VIII республикалық Құран жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді

ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі ұйымдастыруымен 2019 жылдың 13 сәуір күні Аламты қаласы, "Бәйкен" мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысының Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтеді. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар: 

- Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
- Үміткер ҚР ер азаматы болуы тиіс;
- үміткердің 30 жастан аспаған болуы;
- үміткер өз номинациясы бойынша республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

 

Қажетті құжаттар: Үміткердің анкетасы, Жеке куәлік көшірмесі.

Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 8 сәуіріне дейін abdullazholdas@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады. Жарыс жеңімпаздарына ұмра қажылығына жолдама және қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. Сондай-ақ, әр номинация бойынша үздік жүлдегерлер 26-28 күндері Алматы қаласы Орталық мешітінде өтетін VIII республикалық Құран жарысына жолдама алады.

Пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» деп айтылғандай баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Ахметов Серік қари;

+7 747 936 80 90 – Жетпісбаев Жолдас қари.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру