Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26-28 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран жарысы өтеді. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылады.
Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:
Үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
Үміткердің 30 жастан аспаған болуы;
Үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.
Қажетті құжаттар: «Үміткердің анкетасы», «Жеке куәлік көшірмесі», «Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі» мен «Өкіл имамның ұсыныс хаты».
Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 19 сәуіріне дейін respquranjaris@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.
Пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде: "Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің» деп айтылғандай баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат үшін: +7 702 758 38 58 – Серік қари Ахметов
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
20.02.2019
3801
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру