Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

06 Мамыр 2026

19 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Белгілі дінтанушы ғалым профессор Досай Кенжетай Нұр-Мүбарак университетінде зайырлылық жайлы дәріс оқуда

nmu.kz 19.02.2019 3867 0 пікір
Белгілі дінтанушы ғалым профессор Досай Кенжетай Нұр-Мүбарак университетінде зайырлылық жайлы дәріс оқуда

Нұр-Мүбарак университетіне белгілі дінтанушы ғалым, профессор Досай Кенжетай мырза арнайы шақырылып, «Дін және зайырлылық» тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Дінтанушы ғалымның өзіндік тәсілі бойынша шәкірттер арасында сұрақ-жауап, пікірталас орнап, кеңірек ойлануына жол берілді.

"Дін құбылысының: діни сенім, діни таным, діни тәжірибе және діни сана деген 4 қабаты бар. Қазақ болмысында да осы қабаттар кемел көрініс тапқан. Діни сенім ортақ, сондықтан «ислам-біреу». Кешегі ориенталистік зерттеулерде «классикалық, халықтық, ортодоксалды, гетеродоксалды, таза ислам» деген тіркестер қасақана жасалған позитивизм мен европаценртизмнің идеологиялық ықпалының нәтижелері.
Сондықтан ислам біреу, ал мұсылмандық сан-алуан екеніне мән беруіміз қажет. Қазақ мұсылмандығының басқа мұсылмандық формаларынан ерекшелігі оның «діни танымы» мен «діни тәжірибесінде» жинақталған, — деген профессор Досай Кенжетай мырза ислам дінін қазақ халқының ойлау жүйесінің шаблонына айналғанын жан-жақты мысалдармен жіктеп берді.

Үш күнге жоспарланған арнайы дәрісті ұйымдастырушы «Ислам ілімдері» факультетінің Исламтану кафедрасының меңгерушісі, PhD Нұрлан Анарбаев бұл дәрістің университеттің болашақ түлектері үшін аса маңызды екендігіне тоқталды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру