Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев ҚР Ұлттық Ұлан 6697-ші әскери бөлімінде «Суицид» тақырыбында басқосуға қатысты.
Кездесудің басты мақсаты - әскери қызметкерлердің арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу.
Осы мәжіліске 140 қызметкер қатысты. Олардың ішінде офицерлік құрам, шекара қызметкерлері, әуе қорғаныс қызметкерлері бар. Маңызы зор жиынға арнайы шақырылған психолог маман және наиб имам Нұрлан Сейдагалиев те өздерінің пікірлерін ортаға салып, «Өз-өзіне қол жұмсау – үлкен күнә» деген тақырыпта уағыз айтып, жиналған көпшілікке ой салды.
Онан соң наиб имам УК-161/2 түзету мекемесінде 25 офицер қатысқан кездесуге қатысты.
Сол кездесуде түрме қызметкерлеріне де түсіндіру жұмыстары өткізілді. Әбу Ханифа мазхабы туралы мәлімет беріліп, жат ағымдағы адамдарды қалай тануға болатыны жайлы және де Ханафи мазхабы бойынша намаздың үлгісін көрсетіп, ағымдағы кісілермен қалай мәміле жасау керектігі туралы айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
19.02.2019
3281
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру