ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкілі Болатбек Ұласқанұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы М.Бекмағанбетов және теолог Б.Оспанов Қызылода облыстық телеарнасының «Ақиқат алаңы» бағдарламасында «Шет елде діни білім алу» тақырыбында пікірлерін білдіріп, артықшылығы мен кемшіліктерін талдады.
Өкіл имам қазіргі таңда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 медресе және «Нұр Мүбарак» университетінің білікті мамандары шәкірттерді білім нәрімен сусындатып жатқанын, яғни діни білімді шетел аспай-ақ, өз елімізде де алуға барлық жағдай жасалғандығын жеткізді.
Мамандар мәселенің ақиқатын айтып, тоқсан ауыз сөздің түйінін тобықтай келе, шетел асып білім аламын деп шешім қабылдамастан бұрын, «әр елдің салты басқа» демекші, дәстүрімізге қайшы пікірді ұстану ықтималдығы жоғары болатынын алға тартып, елімізде де сапасы мен квалификациясы жағынан кем түспейтін университет, медреселерде де діни ілім алуға болатынын ескертті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
19.02.2019
3203
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру