ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті Өскемен қаласында «Орталық мәдениет сарайында» ауру балаларға көмектесу мақсатында қайырымдылық концертін өткізді. Концертке Өскемен қаласының жаны жомарт, ән сүйер қауымы молынан жиналды.
«Аялы алақан» атты қайырымдылық концертіне шығысқазақстандық өнер жұлдыздары түгелдей қатысып, әсем ән, күмбірлі күй төгіп, көрермен қауымды бір серпілтіп тастады. Шараны ұйымастыруға мешіт қызметкерлері өз үлестерін қосты.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолин «Діни басқарманың арнайы бекіткен төрт бағытының бірі-қайырымдылық шараларын түрлі форматтарда ұйымдастыру, мұқтаж жандарға қол ұшын беру басты мақсаттардың бірі ретінде атқарылып келеді. Бүгінгі өткізіп отырған шарада соның жалғасы іспетті. Тамшыдай болса да қосқан үлестеріңізге Алла сауаптан жазсын», дей келе концерттен түскен қаржыны ауру балалардың ата-анасына табыс етті. Сонымен қатар ол көрермендерге және өз өнерлерімен сауапты іс жасаған өнерпаздарға алғысын білдірді.
Көмекке ие болған балалардың ата-анасы осындай игі шара ұйымдастырып, баласының сырқатына аз болса да көмек жасаған ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігіне ақжарма алғысын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
19.02.2019
4515
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру