2019 жылдың 16 ақпан күні Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде әйелдер қауымы «Толеранттылық деген не?» және «Деструктивтік діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар-тренингке қатысты. Облысымыздағы дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологі Ләззат Надиршина мен теолог Аян Нұржақып жамағаттың түрлі сауалдарына жауап берді. Аян Нұржақыптың айтуынша, елімізде белең алған деструктивті жат ағымдардың алдын алу үшін ауқымды шаралар қолға алынуда. Дегенмен, ата-баба жолынан тайып, бетін қарамен тұмшалағандар жетерлік.
Дін мәселелері ақпараттық-талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологі Ләззат Надиршина толеранттылық тақырыбында білімін ортаға салды. Жамағат өкілдерімен психологиялық жаттығу жүргізіп, олардың сауалдарына жауап берді.
Мешіт жамағатының әйелдер қауымы көкейлерінде күрсінген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мұндай өзекті тақырыптар бойынша кездесулердің енді жиі ұйымдастырылатынын айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі
19.02.2019
2988
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру