Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Ибалы бойжеткен – ел болашағы»

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.02.2019 2851 0 пікір
Қызылорда: «Ибалы бойжеткен – ел болашағы»

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Ибалы бойжеткен – ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараның мақсаты бойжеткендерімізді қазақ қызына тән инабаттылық пен биязылық сынды қасиеттерді бойға сіңіріп, сахаба аналарымыздай көркем мінез иесі болуға дәріптеу, қоғам болып, ұлт болып ертеңгі еліміздің аналарын тәрбиелеуге атсалысу.

Қалалық мешіт ұстаздары мен шәкірттері және жамағаттары бас қосқан дөңгелек үстел отырысында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова, қалалық «Нұр» мешітінің ұстазы, «Сүйікті жар, аяулы аналар» мектебінің жетекшісі И.Елубаева, «Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Ибалы, инабатты қыздар» мектебінің жетекшісі А.Балахан тыңдаушыларға тақырып аясында баяндама жасап, насихат айтса, бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған ақжаулықты әжелеріміз бен аналарымыз бойжеткен қыздарға өрелі әңгімелерімен өнегелі өсиеттерін жеткізді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру