«Ислам және жастар» жылы аясында Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков жастарға жауапты қала, аудан имамдарының басын қосты.
Жиында ағымдағы жылдың әр айына жастармен жұмыс істеу жоспарын бекітіп, іс-шараны қызу талқылады. Айта кетсек «Жастар және жат ағым», «Жастар және салауатты өмір салты», «Жастар және табиғат», «Жастар және Рамазан», «Жастар және мәдениет», «Жастар және тарих», «Жастар және дәстүр», «Жастар және білім», «Жастар және қайырымдылық», «Жастар және отбасы», «Жастар және Отан» тақырыптарында іс-шаралар өткізуін міндеттеді.
Өкіл имам «Жастар біздің ертеңгі болашағымыз, оларға жол сілтеп, имандылыққа тәрбиелеу,теріс ағымдағы діндердің жетегіне кетіп қалудан сақтандыру біздің негізгі мақсатымыз»,- деп сөзін түйіндеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
19.02.2019
2832
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру