Бүгін Нұр-Мүбарак университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп «Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» атты оқытушыларға арналған республикалық семинар басталды. Қысқы мектеп аясында ұйымдастырылған білім шарасына еліміздегі жоғары оқу орындары мен медресе ұстаздары қатысып, бір апта бойы білімдерін арттырмақ. Бас ұйымдастырушы Ұлттық университеттің Шығыстану факультетінің деканы, филол.ғ.д. Ықтияр Палтөре семинардың маңыздылығына тоқталды. Сан ғасырлар бойы ғылым тілі болып келген араб тілін меңгерудің заманға сай оңтайлы тәсілдері уақыт талабы екенін баса айтты. Қазақ тілімен басталып араб тілінде өрбіген семинарға еліміздің осы тіл саласындағы майталмандары жиналғаны белгілі. Сондықтан ұйымдастырушылар ретінде сөз сөйлеген Нұр-Мүбьарак университетінің Оқу-әдістемелік басқармасының бастығы филос.ғ.к., доцент Жалғас Сандыбаев:
Семинар тұсаукесерінде Египет Араб Республикасының елшілігінен д.Муаз Сабри «Оқытушыларға арналған тренингтің маңыздылығы» жайлы сөйлесе, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің профессоры Дина Есенжан «Ілеспе аударма жасаудың ерекшеліктері және кәсіби дағдыларды қалыптастырудың жалпы бағыттарына» тоқталды.
Нұр-Мүбарак университетінен келген бір топ делегация өкілдері де өз ойларын ортаға салды. Сенбі күні басталған семинар 18 ақпан күні Нұр-Мүбарак университетінде жалғасын таппақ. Сондай-ақ бұл біліктілікті арттыру жиыны Мысыр мәдени орталығында да өтеді. Семинардың жабылу салтанаты 23 ақпанда Нұр-Мүбарак университетіне жоспарлануда.
Айша КЕҢЕСБАЙ
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.02.2019
3237
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру