ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің жастар ісі секторы мен Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Жастар жылы» аясында «Ислам діні – өркениеттің діні» атты кездесу өтті. Шараға Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты, белсенді жастар, арнаулы-орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Сөз қозғауға арнайы келген орталық «Иман» мешітінің ұстазы Нұрпазилов Нұрсұлтан жастарға дін мен діл, жат ағым, өркениет жайында жақсы түсініктер берді.
Шараның мақсаты дүние жүзінде болып жатқан Ислам дінінің дұрыс және бұрыс ағымдарын болашақ ұрпақтарымызға түсіндіріп жеткізу.
Кездесу соңында сұрақ-жауап алмасып, қонақтарымыз жастар арасында өзекті болған мәселелерге өз ойларын айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі
15.02.2019
2855
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру