Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Жастарға насихат» қарқынды жүруде

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 15.02.2019 2972 0 пікір
Қызылорда: «Жастарға насихат» қарқынды жүруде

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Жат ағымның алдын алу» және «Жастарды Отаншылдыққа тәрбиелеу» шаралары аясында қаламыздағы С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы М.Үркімбаев, облыстағы «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі С.Әбіл және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ж.Тасабаев тәрбиелік мәні бар мазмұнды тақырыптар төңірегінде сұхбат жүргізіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Нақтырақ айтқанда, «айналасындағылармен көркем мәміледе болу», «ата-ананың разылығына жету», «бос уақытты тиімді пайдалану жолдары», «Отанға деген сүйіспеншілік», «дінді дұрыс ұстану», «жат ағым жетегінде кетудің кеселі», «Валентин күнінің зардабы» туралы насихат айтылды.

Сұрақ-жауаппен жалғасқан тағылымы мол сұхбат соңында Өкіл имам студент жастарға батасын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру