Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Жастармен кездесу өтті

muftyat.kz 14.02.2019 2894 0 пікір
Қызылорда: Жастармен кездесу өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «жат ағымның алдын алу» және «жастарды Отаншылдыққа тәрбиелеу» шаралары аясында қаламыздағы М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің (№9 кәсіптік лицей) тәлімгерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге қалалық «Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев, ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі С.Әбіл және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Сыздықов қатысып, студенттерді жастық шақта Алла Тағаладан берілген нығметтерді тиімді пайдалануға шақырды. 

Сонымен қатар, жастарды тәрбиелеудегі өзекті тақырыптардың бірі «14 ақпан – Валентин күні» дәстүрімізге де, дінімізге де жат екені айтылып, зардабы мен зияны түсіндірілді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру