Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада байқау өтеді! БАС ЖҮЛДЕ – УМРАҒА ЖОЛДАМА!

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 13.02.2019 3989 0 пікір
Қызылордада байқау өтеді! БАС ЖҮЛДЕ – УМРАҒА ЖОЛДАМА!

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі 2019 – Жастар жылының құрметіне орай аймақ тұрғындарының арасында «Сыр жастары жарысады» байқауы өткізілетінін жариялайды.

Байқаудың мақсаты қоғамға үлгі болып жүрген белсенді жастарды қолдау және кез-келген тұлға айналасындағыларды мейірімділік пен бауырмалдылыққа үндеуші бола алатынын насихаттау.

Инстаграм желісінде жүргізілетін сайысқа 18-30 жас аралығындағы Қызылорда облысының кез-келген жас тұрғыны (ер адам) қатыса алады. Жарыс шарттары бойынша «Қаражатсыз садақа» тақырыбында ешқандай ақшасыз да өзгелерге жақсылық жасауға болатынын көрсету және Рамазан айында өтетін Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу бойынша жарысқа қатысу. Осы орайда, Рамазанға дейін 30-шы параны жаттап үлгеру үшін облыстағы барлық мешіт имамдары мен ұстаздары қатысушыларға көмектесуге дайын. Барлық шартты орындаған жеңімпазға Кіші Қажылыққа тегін жолдама беріледі.

Жастар жылына орай «Сыр Жастары жарысады» байқауының шарттары:

1. «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің @aqmeshit.kz инстапарақшасына тіркелу

2. Комментарийге 5 досын белгілеу

3. Өз парақшасына репост жасау @aqmeshit.kz парақшасын белгілеп, #AqmeshitUmra2019 хештегін жазу

4. 25-наурыз дейін «Мен бұл сыйлыққа не үшін лайықтымын?» тақырыбында үлгі боларлық оқиғасымен бөлісіп, жазба (пост жариялау). Жазба (пост) астына @aqmeshit.kz парақшасын белгілеп, #AqmeshitUmra2019 хештегін жазу

5. 26.03-26.04.2019ж. аралығында «Қаражатсыз садақа» тақырыбында жақсылық жасау эстафета (есебін 1 минуттық видеоролик форматында инстапарақшасына жүктеу, астына @aqmeshit.kz парақшасын белгілеп, #AqmeshitUmra2019 хештегін жазу)

6. Рамазан айында Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқудан өтетін жарысқа қатысу.

Қатысушыға қойылатын талаптар:

1. Қызылорда облысы тұрғыны

2. 18-30 жас аралығындағы ер адам

3. Конкурсқа тіркелу уақыты 10-наурызға дейін. 

Сұрақтар бойынша: 8747 530 04 20, 8747 251 30 99

Ұйымдастырушылар: ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" секторы #muftyat #jastarsektory #2019jastarjyly #kyzylorda

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру