Жұма күні Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Бостандық ауданының «Орбита-3» мешіті жамағатымен жүздесіп, Жұма уағызын айтты.
Бас имам Жұма уағызының бекітілген тақырыбы бойынша сабыр мен сабырлы болудың мән-маңызына тоқталды. Мұсылмандар Алладан намаз бен сабыр арқылы пана тілеп, сыйыну керектігін әрі Алла қиын сәттерде көркем түрде сабыр етушілермен бірге екендігін Құран аяттары арқылы сабақтады.
Сондай-ақ, жақында ғана Елорамызда бес баласынан айырылған отбасыға Алматы жұртшылығы атынан көңіл айтып, ел-жұртты сабырлы болуға үндеді. Жұма намазы оқылып, марқұмдарға Құран бағышталды. Қарияларымыз ел-жұртымызға, мешіт жамағатына қол жайып дұға жасады.
Білікті имам Аташов Әсет басқарып отырған Бостандық ауданы «Орбита-3» мешітінің жамағаты бас имамға өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, иығына шапан жапты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
11.02.2019
4432
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру