Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Көпбалалы аналарға көмек көрсетілді

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 09.02.2019 3132 0 пікір
Қызылорда: Көпбалалы аналарға көмек көрсетілді

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұйымдастыруымен көпбалалы аналарға кезекті қайырымдылық көмек көрсетілді.

Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы сынақ үшін берілген қысқа ғұмырда мұқтаж жандарға көмек көрсетіп демеу болу мешіт қызметкерлерінің басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар сабырлық турасында насихат айтып, жоқтыққа қарамай баласына барын беріп жүрген батыр аналарға алғыс білдірді. Сөз соңында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 20 отбасыға бір айлық азық-түлікті үлестірді.

Қайырымдылық көмек алған көпбалалы аналар өкіл имамға ризашылықтарын жеткізді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру