«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электрондық құжат арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру бойынша «ezSigner» сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
«ezSigner» көмегімен азаматтар кез келген құжатқа (түрлі анықтамалар, өтініштер және т. б.) оған заңды маңыздылығын қамтамасыз ете отырып, қашықтықтан қол қоя алады.
Яғни, әрбір азаматтың осы веб-қосымшаны пайдалануға мүмкіндігі бар, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болу және NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.
«ezSigner» сервисінің бетінде Пайдаланушыға «Құжатқа қол қою» және «Құжатты тексеру» деген екі функция беріледі.
Сервистермен жұмыс жасау жөніндегі толық нұсқаулық веб-қосымша бетінде қолжетімді.
«ezSigner» сервисі ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын пайдаланады және қорғалған қосылу режимінде жұмыс істейді. «ezSigner» қол қойылған және тексерілетін электрондық құжаттардың, сондай-ақ Пайдаланушының кілттері мен тіркеу куәліктерінің көшірмелерін серверде сақтамайды және бермейді. Бұл ретте қол қою процесі тікелей клиенттік жағында болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.nitec.kz
08.02.2019
2884
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру