Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Әлеуметтік желінің көмегімен қайырымдылық жасалды

mazhab.kz 08.02.2019 2898 0 пікір
Павлодар: Әлеуметтік желінің көмегімен қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Павлодар облысы  өкілдігіне қарасты қала, аудан, ауыл имамдары мешіт жамағаты  және дін жанашырларына Ватсап әлеуметтік желісі арқылы тұрақты байланыс орнатқан.  Осы тәсіл бойынша өткен  2017 -2018 жылдары «Сұрағым бар!» атты әлеуметтік группа ашып қасиетті дінімізге қатысты сан жүздеген сұрақтарға жауап берген еді. Бүгінде «Уағыз-насихат.пвл», «Насихат-Ватсап.пвл», «Ханафи мәзһабы» және «Аһли сунна» атты группалар арқылы жамағат тарапынан қойылатын сауалдар мен сұрақтар, өтініштер мен шағымдарға жауап беріп келеді.

Сонымен қатар ҚМДБ-ға қарасты діни-танымдық сайттарда жарияланған ағартушылық бағыттағы мақалалар, уағыз-насихаттар, атқарылып жатқан ізгі іс-шаралар туралы халыққа жеткізуде бұл желілердің  үлесі өлшеусіз.

Соның бір айғағы ретінде жуырда жамағаттың бірінен желі арқылы келген мәлімет бойынша Павлодар қаласы Катаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде 5 қызын асырап отырған жалғызбасты ананың жағдайымен танысып, ол отбасына қаржылай  және азық-түлікпен көмек берілді. Аталмыш отбасының жағдайы  алдағы уақыттарда да мешіт пен жамағаттың тұрақты назарында болады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру