Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: ЖАНТ мүшесі жастармен кездесті

 Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 06.02.2019 2615 0 пікір
Шымкент: ЖАНТ мүшесі жастармен кездесті

Бүгін Шымкент қаласы М.Сапарбаев атындағы институтқа қарасты «Парасат» колледжінде «Жастар діни экстремизммен терроризмге қарсымыз» атты кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің найб имамы әрі ЖАНТ мүшесі Ұлықбек қажы Алиакбарұлы, «Парасат» колледжінің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Әлиев және 220 студент арнайы қатысты.

Студенттерге ЖАНТ мүшесі Ұлықбек қажы Алиакбарұлы жастарға діни терроризм, қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу, діни тұрақтылық барша Қазақстандықтардың мұраты, т.б тақырыптар негізінде ойларын ортаға салып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру