Шығыс Қазақстан облысы «Шемонаиха аудандық мешіті» Серебрянск қаласындағы «Балалар үйіне» қайырымдылық жасады. Шара барысында аудандық мешіт аталған мекемеде тәрбиеленіп жатқан 127 балаға киім-кешек, азық-түлік пен түрлі ойыншықтар тарту етті. Сонымен қатар мешіттің жастар ісі бөлімінің шәкірттері балаларға қызықты әңгімелер айтып беріп, балаларға ойын-сауық тамашалатты.
«Балаларға қуаныш сыйлаудың өзі үлкен сауапты іс. Біз осындағы балаларға қоғамның мейірімділігін танытуымыз керек. Бүгін балалар қуанышқа бөленді. Жыл бойында осындай қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастаратын боламыз»,- деді «Шемонаиха аудандық мешітінің» бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы. Ол сонымен қатар осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
«Балалар үйінің» басшылығы осындай игі шара ұйымдастырған аудандық мешітке ризашылық білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
06.02.2019
2987
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру