Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Өкіл имам «Астана» медресесі шәкірттерімен кездесті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 06.02.2019 3084 0 пікір
Қызылорда: Өкіл имам «Астана» медресесі шәкірттерімен кездесті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы «Астана» медресесінде оқып жатқан Қызылордалық шәкірттермен кездесіп, жағдайларымен танысып қайтты.

Кездесуде Өкіл имам "жастық шақтың қадірі", "уақытты тиімді пайдалану", "білімге ықылас қою" тақырыптарында насихат айтты. Сонымен қатар аймақтағы дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы таныстыру барысында облыс басшылығы тарапынан имамдарға тұрақты түрде қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Өңірімізде білімді де білікті кадрлардың сұранысы жоғары деңгейде екенін жеткізіп, медресе тәмамдаған соң облысымыздағы қалаған мешітке жұмысқа орналасу мүмкіндігімен қызмет етуге шақырды.

Шәкірттер өкіл имамға талап-тілектерін жеткізіп, арнайы келіп қолдау білдіргеніне алғыс айтып, алдағы уақытта өздеріне артылған үмітті ақтап, елімізге, дінімізге адал қызмет ететіндіктерін жеткізді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру