Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласы өкілдігі 2019 жылдың жұмыс жоспарын бекітті (ФОТО)

www.azan.kz 06.02.2019 3445 0 пікір
Алматы қаласы өкілдігі 2019 жылдың жұмыс жоспарын бекітті (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде бас имамдардың қатысуымен «2019 жылғы Алматы қаласында ислам дінінің дамуы және діни тұрақтылықты сақтау шаралары» атты тақырыпта алқалы отырыс өтті. Алматы қаласы мешіттерінің 2019 жылғы атқаруға тиісті жұмыстардың жоспарын бекітуге арналған жиналысты Алматы қаласы өкілдігінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы ашты.
Бас имам: «Бүгінгі бас қосудың мақсаты – Алматы қаласы мешіттерінің 2019 жылы атқаруға тиісті жұмыстардың жоспарын бекіту болып табылады. Күн тәртібінде ағымдағы жылы атқарылатын істердің жоспары талқыланып, тиісті тапсырмалар берілмек. Әрине, бұл жұмыстардың атқарылуы мен қаламыздағы дін ісінің жандануы – ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тікелей бастамасымен жүріп жатыр», – деп қала имамдарына жаңа жұмыс жылына сәттілік тіледі. 
«Әл-Мадина» мешітінің бас имамы Көптілеуов Бақытжан Жетісу ауданы, ал «Заря-восток» мешітінің бас имамы Ахметов Қазыбек Алатау ауданы бойынша атқарылатын іс-шаралардың жылдық жоспарының жобасын баяндады. 

Алматы қаласы өкілдігі 2019 жылға арнайы әзірлеген жылдық жоспар мешіттердің бас имамдарына үлестіріліп, осы құжат негізінде Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев баяндама оқыды. 

Жиын соңында Бас имам Алматы қаласы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға оң қорытынды жасап, жақында аттестациядан өткен қала имамдарының жоғары нәтиже көрсеткенін тілге тиек етіп, ағымдағы жылы да жақсы көрсеткіштерге жете беруге тілектестік білдірді. Соның ішінде ерекше құлаққағыс ретінде, осы жылдың сәуір айында VIII республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан байқау өтетінін хабарлады.

 




 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру