Атырау облысына арнайы жұмыс сапарымен Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы келді. Сапар аясында ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосына арнайы барып, «Бәйтерек» орталық мешітінде жұма уағызын айтты.
Ажырасудың зияны тақырыбында уағыз айтқан ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы жамағатты отбасы тұтастығын, беріктігін сақтап қалуға шақырды.
Асылында, ажырасу - исламдағы ұнамсыз амалдардан. Ажырасудың негізгі себебі – тәрбие беру барысында кеткен қателіктер болып табылады. Демек, жақсы қарым-қатынаста болу ерлі-зайыптылардың басты міндеті. Отбасылық өмірдің ең ғажап үлгісі - Пайғамбарымыздың ғибратты өмірі. Ислам отбасының ең әуелі сенім мен сүйіспеншілік және түсіністік негізінде құрылғанын қалайды. Бақытты отбасы болашақта ұлы тұлғалардың дүниеге келуіне себепкер болмақ. Ендеше, елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі» деп атап өтті ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
05.02.2019
3401
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру