Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдар арасында футбол ұйымдастырылды

 Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 04.02.2019 2836 0 пікір
Шымкент: Имамдар арасында футбол ұйымдастырылды

 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен имамдар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мешіт имамдары мен Жастар ұйым өкілдері арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Негізгі мақсат - имамдарымыздың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, денсаулыққа мән беру, әріптестік қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Ұйымдастырылған шараға «Ақмешіт», «Абай», «Әл-Фараби», «Еңбекші» және «Қаратау» футбол командалары сайысқа түсті.

Аталмыш ойын бір ай бойы жалғасын тауып, нәтижесінде «Еңбекші» командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орын «Әл-Фараби», ал үшінші орынды «Ақмешіт» командасы ие болды.

Сонымен қатар, алдағы ойындарға имамдар мен бірге мешіт жамағаты, оның ішінде жат ағымда жүрген бауырларымызды тартып, оларға асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау жұмыстарын жүргізу көзделуде.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру