Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Әжелер мен қыздар арасында Құран жарысы өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.02.2019 3011 0 пікір
Семей: Әжелер мен қыздар арасында Құран жарысы өтті

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйер-қыздар секторы» ның ұйымдастыруымен Семей қалалық «Тыныбай» мешіті жанындағы сауат ашу курстарында шәкірт әжелері мен қыздары арасында Құран Кәрімнің 30-шы парасы мен 22 сүре бойынша жарыс өтті. Жарысты Түркия мемелекетінен келген қари Ахамед ұстаз бен Тыныбай мешітінің наиб имамы Байбатыр қари бағалады. Аталған іс-шараға ҚМДБ Семей өкілдігі, Семей өңірі бойынша Зекет қоры және Семей қаласының Тас мешіті мен Тыныбай мешіті қолдау көрсетті.

Жарыс соңында өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семей қаласы мен Аягөз қаласынан келген шәкірттерге жүлделі орындар беріп, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын табыстады. Ахмет қари мен Байбатыр қари шәкірттерге өз баталарын беріп, дұға тіледі. Алыстан келген қонақтар жайылған ақ дастарханнан дәм татты.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру