ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жастар жылына байланысты «Жас жамағат бірлігі» атты шара өтті.
Мұнда жастарға дастархан жайылып, тағылымды кеңес айтылып, алда атқарылар іс-шаралар туралы пікір алмасу болды.
ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: "Жамағат" деген сөз тек бірлесіп намаз оқу деген қысқа мағынада емес бұл ауқымды ұғым. Жамағат деген халықтың бірлігі мен ынтымағы деген ұғымға саяды. Еліміздің бейбітшілігі мен халқымыздың тыныштығы үшін жамағат бірлігі аса маңызға ие. Биыл жастар жылы болуына байланысты жастар өзара ынтымақта болып, ел игілігі үшін істер тындыруы керек. Біз, бұйырса, жастардың атсалысуымен бірқатар істер атқарамыз» дей келе, кейбір тәртібі, тәрбиесі нашар жасөсіпірмдерге жастар және жамағат болып және діни қызметкерлердің араласуымен оларды ортаға алып, оларды тура жолға, имани тәрбиеге жетелеу туралы құнды ұсынысын ортаға салды.
Жиын барысынеда өкіл имам «Ел үлесі-пәтерге» жобасын таныстырып, мұқтаж, отбасыларға баспана салып беруге арналған осынау игі іске қолдау білдіруге үндеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
04.02.2019
2984
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру