Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Қала мешіттерінің жұмыстары пысықтады

Атырау: Қала мешіттерінің жұмыстары пысықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров Атырау қаласына қарасты мешіт имамдарын жинады.

2019 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталған жиын барысында негізінен жастар мәселесі, оқу-ағарту, сауат ашу, жат ағымның алдын алу, қайырымдылық бағыттары талқыланып, іс-шаралар жобасы бекітілді.

Жақында ғана Астанада «Жастар жылының» ресми ашылуы өтті. Жиынға арнайы қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылына байланысты атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын атады. Осы ретте мүфтияттың Атырау облысы бойынша өкілдігінде жастар арасында руханиятты, қайырымдылықты, ізгілікті насихаттау бағытында іс-шаралар легі жыл бойына атқарылуы тиіс» деп атап өтті Атырау облысының бас имамы Батыржан Берденұлы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру