Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы Бақанастағы Дайындық курсына зиярат жасады

nmu.kz 01.02.2019 4097 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы Бақанастағы Дайындық курсына зиярат жасады

Нұр-Мүбарак университетінің Талғар, Бақанас елді-мекендерінде ер балаларға арналған дайындық курстары жұмыс істейді. Осы курстардың тыныс-тіршілігімен, шәкірттердің оқу үлгерімімен танысу үшін университет ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди, проректор, доцент Қайрат Құрманбаев, Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Жалғас Сандыбаев, Аппарат басшысы Рахымжан Әкімбеков мырзаларды Дайындық курс шәкірттерімен бірге қамқоршысы, кәсіпкер Азамат Молдақасымов қарсы алды.

Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди шәкірттерге оқу-білімнің артықшылығы, әлемде оқуға ұмтылған, білімге көңіл бөлген елдің барлығы дамып жатқаны жайлы жан-жақты түсіндірді. Шәкірттерге проректор, доцент Қайрат Құрманбаев уақыттың құндылығы жайлы түсіндіре келе:

"Жас кезде білім алуға барлық жағдай жасалып жатқанда уақытты тиімді пайдаланыңыздар. Дайындық курс – Нұр-Мүбарак университетінің ғылыми әлеуетінің дамуының негізі. Сондықтан осы жерге білім іргетасын ыждаһаттылықпен қалап, болашақ елімізге, дінімізге, ислам ғылымының дамуына қызмет етуді мақсат етулеріңіз – зор жетістік бастауы", — деп аяқтады.

Дайындық курсының өте жоғары деңгейдегі жағдайы, мүмкіндіктерімен алғаш рет танысқан ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди кәсіпкер Азамат Балтағұлұлына зор алғысын білдіріп, Алланың шексіз разылығын тіледі.

Нұр-Мүбарак университетінің Дайындық курстары жыл сайын қыркүйек айынан талапкерлерді қабылдап, жаңа қабылдау науқанына дейін Ислам әліппесі пәндерінен бастап, араб тілі, қажетті зайырлы пәндерді оқытады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру