ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарының алқалы жиыны өтті.
Жиында ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы облыс бойынша «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі қызметіне арнайы шақыртылған «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекшісі Әбіл Серік Ертарғынұлын таныстырды. Сектор үйлестірушісі С.Әбіл жылдық жоспарын облыс имамдарының назарына ұсынып, жастар жылында атқарылуы тиіс бірқатар шаралар мен жұмыстарды нақтылады.
Жиын соңында Өкіл имам дін қызметкері ретінде діни білімділікпен қатар, «көркем мінезділік», «мәдениеттілік», «сауаттылық», «көркем мәміледе болу», «әділдік», «адалдық» секілді қасиеттерді бойға сіңіру маңызды екенін атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.02.2019
2692
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру