Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордалық 7 имам "Қажылық қорынан" көмек алуда

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 31.01.2019 2839 0 пікір
Қызылордалық 7 имам "Қажылық қорынан" көмек алуда

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен хаттамалық жиын соңында «Қажылық қоры» есебінен өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 103 ауыл имамдарына 50 мың теңге көлемінде жалақы беру туралы шешім қабылданған болатын.

Аталмыш тапсырмаға сәйкес, ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Ұласқанұлы  облысымыздағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған жеті имамға  қор есебінен аударылған   қаражатты өз қолымен  табыстады.

Әлеуметтік ауыртпашылықтарға қарамастан ауылдық жерлерде адал қызмет атқарып жүрген имамдар қызметтері еленіп, өздеріне  көрсетіліп жатқан қолдау-көмек үшін Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлына алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру