Талдықорған қаласы Салтанат сарайында жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселесі бойынша имамдарға арналған «Жастар және руханият» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын Талдықорған өңірлік өкілдікті басқарып отырған Ардақ Нүсіпханұлының бастамасымен мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыру және имамдардың жастармен жұмыс істеу тәжірибесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев пен имамдар, мүфтияттың өкілдері қатысты.
Алғашқы сөз кезегін алған Ақан Жылқышыбайұлы мешіт қызметкерлерін аттестацияның сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, Президенттің жастарға арнаған сөзіне тоқталды. Жиында модератор болған ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев дәстүрлі діни түсінікті қалыптастырудың мәні мен маңызы жайында сөз сөйледі.
Конференция барысында ҚМДБ-ның құрушысы әрі тұңғыш төрағасы, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Рәтбек қажы Нысанбайұлының «Тарих. Тағылым. Өнеге» атты кітабының тұсаукесері өтті. Толықтырылып, екінші мәрте басылған кітап исламтанушыларға, сондай-ақ, дінтанушыларға, тарихшыларға, тілін, ділін, ұлтын сүйетін қалың оқырмандарға арналған. Жиын соңында облыстық дін істері, жастар саясаты басқармасы, ҚМДБ-ның Талдықорған және Алматы өңірлері бойынша өкілдіктері арасында өзара әрекеттестік туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі
31.01.2019
3734
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру