Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: Шәкірттер арасында білім сайысы өтті

ummet.kz 30.01.2019 3440 0 пікір
Астана: Шәкірттер арасында білім сайысы өтті

«Нұр Астана» мешітінің  жанындағы қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсының шәкірттері арасында білім сайысы өткізілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Сауат ашу курсының жұмысы бүгінгі таңдағы дін саласының басты бағыттарының біріне айналып отыр. «Ақида», «сира», «фиқһ», «ғибадат» пәндері бойынша ұзақ уақыт бойы үздіксіз білім алған 188 шәкірттен іріктелген 6 шәкірт білім сынасты.

Қажімәлік Қарлығаш, Умербекова Алия, Нұрғалиева Динара қатарлы білікті ұстаздардың қазылық жасауымен өткен білім сайсында Жанибекова Гулнар І орын иеленсе, Нұрсылтанқызы Ботагөз ІІ орын алды, Тухеева Мөлдір атты шәкірт алдыңғы үштікті қорытындылады.

Жүлделі шәкірттер мешіттің сауат ашу курсының атынан арнайы дипломдармен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру