Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр имамдары оқыту курсынан өтті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.01.2019 3053 0 пікір
Сыр имамдары оқыту курсынан өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 2019 жылы тиімді пайдаланып, дәстүрлі дінімізді насихаттау жолында еңбек етіп жатқан қызметкерлірдің білімін шыңдау мақсатында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде облыстық имамдардың білімін жетілдіру бойынша екі күндік курс өтті.

Курстың ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы, Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов арнайы қатысып, жауапкершілігі мол имамдық қызметте әрдайым ізденісте болып, тұрақты даму процесінде жүру заман талабы екенін жеткізді.

Жан-жақты қамтылған оқыту курсының жоспарына сәйкес, «Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Нұр-Мүбарак ЕИМУ докторанты Д.Құрманбаев және облыстағы білікті мамандар: дінтанушы-теолог маман Б.Убаев, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстазы М.Абжалелов, ҚМДБ «Зекет қорының» өңір бойынша өкілі О.Жидебаев, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС өңірлік өкілі П.Шарапатова, сонымен қатар облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы С.Алдашбаев, «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясыны» РМҚМ-нің доценті А.Аяғановалар дәріс жүргізді.

 

Екі күнге созылған курс соңында өкіл имам белім жетілдіру сабақтарына қатысқан 46 имамға өкілдік тарапынан дайындалған сертификаттарды табыстады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру