Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Үздік имам кіші қажылыққа жолдама алды

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.01.2019 3480 0 пікір
Қызылорда: Үздік имам кіші қажылыққа жолдама алды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Сыр имамдарына қолдау білдіру мақсатында «Жыл  имамы» деген атқа лайықты қызметкерге кіші қажылыққа жолдама табысталды.

Жолдама жеңіп алудың шарты бойынша бірнеше жылдан бері облысымызда дәстүрлі дінімізді насихаттап діни тұрақтылықты сақтау жолында жүгі мен жауапкершілігі мол қызметті адал атқарып жүрген имам болуы тиіс.

Барлық талаптар бойынша Қазалы ауданы, Қызылту ауылы «Жалаңтөс батыр» мешітінің имамы Алманиязов Ғалым Жұманұлы лайық деп танылды. Ғ.Алманиязов 1963 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылында дүниеге келген. Бірнеше жылдан бері ауыл халқы үшін аянбай еңбек етіп жүрген дін қызметкері.

Сонымен қатар аталмыш жарыс діни қызметкерлердің арасында ғана емес, «Ерназар-Мақсұм» мешітінің жамағаты арасында да «Белсенді азамат» номинациясы бойынша  өткізіліп жатыр.

Облыстық депутат, дінге жанашыр кәсіпкер азамат Қ.Ерназар мырзаның демеушілігімен ұйымдастырылған  игі шара келер жылы да өз жалғасын табатын болады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру