Шымкент қаласы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде қала, аудан имамдары мен Жастар ісі бөлімінің қатысуымен жылдық жоспарға байланысты кезекті басқосу өтті.
Басқосу аясында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев тарапынан қала бойынша Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлына бірнеше маңызды тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, жастарды имандылыққа бағыттайтын кітаптар мен роликтер шығару, теріс ағымға кеткен жастарды бейімдеу бойынша жұмыстарды қолға алу, жастар арасында спорттық шаралар өткізу, жастарға рухани қолдау орталығын ашу, өңірдің киелі орындарына саяхат жасау, үздік шәкірттерге демеушілер тарапынан шәкіртақы тағайындау т.б.
Айта кету керек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2019 жыл Жастар жылы деп белгіленді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
29.01.2019
3166
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру