ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы «Араб тілі» орталығының жалғастырушы тобының 7 шәкіртіне 2-деңгейлі және бастауыш тобының 7 шәкіртіне 1-деңгейлі сертификат табыстады.
Нұр-Мүбарак ЕИМУ түлегі Н.Ахметова орталықта тіл меңгеруге ниетті шәкірттерге доктор Ф.Абдуррахимнің 4 томдық «Мәдиналық курс» оқулығы бойынша және араб тілі морфологиясынан «Бидаятус-сарф» кітабы бойынша дәрістер жүргізілуде. Шәкірттер 1-деңгей бойынша сөз жаттап, тіркес құрауды үйренсе, 2-деңгейдегі шәкірттер шәкірттер сөйлем құрауды меңгереді.
Бүгінде жалғастырушы топ Ф.Абдуррахимнің «Мәдиналық курс» оқулығының алғашқы 2 томын бітірсе, бастауыш топтың екінші легі «Араб тіліне алғашқы қадам» 3 айлық курсын үздік тәмамдады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
29.01.2019
3226
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру