ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық «Айтбай» мешітінің ұйымдастыруымен «Жастар жылының» құрметіне орай, мешіт жамағаттары арасында шағын үстел теннисінен достық кездесу өтті.
Жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жамағаттың ауызбіршілігін арттыру, толеранттылықты қалыптастыру.
Сайысқа арнайы келген ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы, «Айтбай» мешітінің Бас имамы Н.Керімбеков қала және аудан мешіттері жамағаттарынан құралған 14 командаға сәттілік тіледі.
Төрешілердің бағалауы бойынша жеңімпаз деп танылған командалар:
1-орын: «Айтбай» мешіті 30 000 тг;
2-орын: «Сұлтан» мешіті 20 000 тг;
3-орын: «Нұр» мешіті 10 000 тг қаржылай сыйлықтарды қанжығаларына байлап, Өкіл имам қолынан кубок, медаль, дипломдармен марапатталды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
28.01.2019
2570
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру