Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Докторант Д.Құрманбаев сыр жамағатымен кездесті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 28.01.2019 2823 0 пікір
Докторант Д.Құрманбаев сыр жамағатымен кездесті

«Әбу Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Нұр-Мүбарак ЕИМУ докторанты Д.Құрманбаев Сыр жамағатымен кездесу өткізді.

Жұма күні Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі «Жәрімбет ата» мешітінде «Үнемшілдіктің пайдасы» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Және де құптан намазынан соң жергілікті жамағатпен өткен кездесуде «Пайғамбар сүннеті мен өнегесі» тақырыбында ғибратқа толы насихат айтылып, сұхбатпен жалғасты.

Сонымен қатар, жексенбі күні құптан намазынан кейін облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала жамағаттарымен жүздесті. Сұхбат барысында «Аллаға махаббат» тақырыбында әсерлі уағыз айтылып, сұрақтарға жауап берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру