Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб имам  «Қостанай» телеарнасында сауалдарға жауап берді 

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 28.01.2019 2842 0 пікір
Наиб имам  «Қостанай» телеарнасында сауалдарға жауап берді 

«Қостанай» телеарнасының «Ақ Орамал» ұлтық-рухани хабарында «Адамның тағдыры есіміне байланысты ма?» тақырыбы кеңінен талқыланды. Хабарға Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамы Әлішер Балахмет Ертайұлы, АХАЖ бөлімінің бас маманы Тұрсынкүл Аймұхамбетова, парапсихолог А.Жақанова, телеарнаның «Күн шауақ» бағдарламасының жүргізушісі Шахерезада және оның анасы Г.Исламхан қатысты.

Бағдарлама барысында: Қазақ халқы, жалпы мұсылман қауымы баласына ат қоярда сақтықпен қараған. Өйткені есімге сай оған жүктелетін жауапкершілікті де ойлап, ырымдаған. Ырымның қадірін кетмеудің де маңызды екендігі талқыланды.

Сондай-ақ наиб имамға біраз мұсылман қауымын толғандырып жүрген сауалдар қойылды. Мысалы, «Азан шақырып ат қоюдың маңызы қандай?», «Туған сәбиге қашан ат қойылады?», «Нәрестеге ат қоюға кім құқылы?» т.б. сауалдарға наиб имам нақты да толық жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру