Қасиетті жұма күні облыстық мешітте жамағат сұрақтарына жауап берудің жаңа бастамасы қолға алынды. «Нұр Ғасыр» мешітіне жұма намазға жиналған ақтөбелік жамағаттың сауалдарына бас имам мен наиб имамдар жауап берді.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға Құран мен сүннет, сахабалардың сөзі және ғалымдардың ижмағы (бірауыздан келісілген пікір), сонымен қатар ҚР заңнамалары аясында жауап берілді. Жалпы дін мамандарына жолданған 34 сұрақтың 33 не жауап беріліп, 1 сұрақ күрделі болуына байланысты ҚМДБ-ның пә туа бөліміне жолданатын болды.
Өзекті сұрақтардың қатарында жергілікті діни рәсімдердің атқарылуының әралуандығы, мектепте имандылық сабақтарының қамтылуы, қаза намаздарының орындалу тәртібі, неке мәселесі, бала күнінде құлағына азан шақырылмаған ересек адамға азан шақыру шарт па, несие алудың үкімі секілді маңызды тақырыптар қамтылды. Жобаның мақсаты жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру.
Сұрақ-жауап алаңы жобасының жамағатқа тиімділігі көрініс тапты. Алдағы уақытта имамдар әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимде халықтың сауалдарына жауап беруді жоспарлауда.
Естеріңізге сала кетейік, әр айдың соңғы жұма күні сағат 14.00-де "Нұр Ғасыр" мешітінде діни сұрақтарға жауап берілетін болады. Келіп көкейкесті діни сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, еліміздің республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде тәулік бойы 24 сағат үзіліссіз жамағаттың сұрақтарына жауап беретін «діни ақпарат беру» Call орталығының ашылған болатын. Байланыс нөмірі: 8 (7172) 33-30-30







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
26.01.2019
2853
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру