Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН ӨТКЕН ЕРКІН СҰХБАТ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 25.01.2019 4011 0 пікір
Қызылорда: ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН ӨТКЕН ЕРКІН СҰХБАТ

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялау арқылы ертеңгі еліміздің қайнар күші жастар екенін айқындай түсті. Елбасымыз аталмыш жылдың салтанатты ашылу рәсімінде маңызды мәселелерді бағандап, негізгі күш салынуы тиіс басты бағыттарды атап көрсеткен болатын.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты "Жастар ісі" секторының ұйымдастыруымен қаламыздағы қайырымдылықпен айналысушы бірнеше еріктілер топтарымен, атап айтқанда, "Жас Отан" жастар қанатының еріктілері, jблыстық жастар ресурстық орталығының еріктілер мектебі, "Жылы жүрек" еріктілері және "Шын жүректен" еріктілер тобымен кездесу өткізілді.

Еркін форматтағы кездесуге арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы жастар жылымен құттықтап, ислам дініндегі қайырымдылықтың маңыздылығын, сауап амалдар мен садақаның ерекшелігін түсіндірсе, қалалық "Сұлтан" мешітінің бас имамы Қ.Отызбаев пен "Нұр" мешітінің бас имамы М.Үркімбаев жастық шақтың маңыздылығын, уақытты тиімді пайдаланып қоғамдық жұмыстармен қатар пайдалы білім алуға шақырды.

Ашық кездесу алаңын қорытындылай келе, облыстық жастар ресурстық орталығының жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жасұлан Тасабаев ислам діні жолында еңбек етуші ұстаздар мен имамдарға алғысын білдіріп алдағы уақытта бірге жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесу соңында Өкіл имам жастардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, жақсылықтың жаршысы болып жүрген үлгілі топтарды өкілдік тарапынан дайындалған алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру