Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан облысы: Туысыңызбен қатынасыңыз түзу болсын

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.01.2019 2729 0 пікір
Түркістан облысы: Туысыңызбен қатынасыңыз түзу болсын

Алла Тағала - жалғыз. Басқамыздың бəріміз бауырлымыз. Осыған шүкіршілік етпесек, күпірлік қылған боламыз. Ислам діні - ағайынмен ара-қатынастың татулығын дəріптейді.

Бірде Əбу Һурəйра р.а үш рет қатты дауыстап: "- Туған туыстарымен қатынасты үзген бар ма?"- деп сұрады. Сонда бір жас жігіт сыртқа шығып кетеді. Сөйтсе ол өзінің әкесі мен қарындасын ренжітіп кеткеніне екі жыл болған екен.  Сол жерден шыққан күйі үйіне тартып, өзінің әкесі мен қарындасына барып кешірім сұрайды. Сонда әкесі: "-Осынша уақыттан бері қайда қалдың?",- дейді.  "Бар, Əбу Һурəйра неге сонша айқайлап айтты, соны сұрап білші",- дейді. Сонда Əбу Һурəйра бейсенбі күні адамның амалдарының көкке көтерілетін күні. Бұл күндері амалдардың жақсы болу керектігін айтқан екен.

Демек, Алла Тағала туысқанмен байланысын үзген адам араластығын құраластырмайынша, құлшылықтарын қабыл алмайды дегенді білдіреді. Ендеше жаннатқа кірер бір есіктің кілті туыспен байланыстың туралығында екенін ұмытпаған жөн.

Пайғамбарымыз с.а.у бауыр біткенмен туыстық қатынасын үзген жандардың жəннатқа кірмейтінін айтқан. Ал, мұсылман бұл дүниеде не үшін жүр, жəннат үшін емес пе?

Түркістандық жамағатқа Шымкент қаласының бас имамы осылай деді. Бақтыбай қажы Бейсенбаев облыстық Қожа-Ахмет Яссауи мешітінде туыстық қатынас турасында Ақшам уағызын айтты.

"Бірде Пайғамбарға с.а.у бір кісі келіп: "-Мені жаннатқа жақындататын амалды айтып беріңізші",- деген де "- Аллаға ортақ қоспай, құлшылық жаса, туыстық қарым-қатынасты үзбе деген",- деп, туыстық қатынастың уəжіп екенін жеткізді, Бақтыбай қажы Бейсенбаев.

Сондай-ақ, қыз баласының қадірі жайлы еске салды. Перзенттерді алаламауға шақырды. Өйткені отбасы адамның ең жақын туысы саналады.

Облыста имамдардың ауыспалы тəртіппен бесін, құптан жəне Жұма уағыздарын айту тұрақты жолға қойылды. Оның аясында аудандар мен ауылдар түгел қамтылады. Сондай-ақ, уағыз соңынан шүкіршілік дастарханын жаю дәстүрге айналып келеді. Жамағат арасында ауызбіршілік артуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру