Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Діни қызметкерлер колледжде оқып жатыр (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 24.01.2019 2967 0 пікір
ШҚО: Діни қызметкерлер колледжде оқып жатыр (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің жан-жақты ұсынысының негізінде ашылған «Өскемен гуманитарлық колледжінің» исламтану мамандығы бөлімінде бүгінде облыстың түкпір-түкпірінен жас шәкірттер білім алып жатыр.

Ағымдағы жылы өңірдің аудан, ауыл молдалары өз білім дәрежелерін көтеру мақсатында осы бөлімге оқуға қабылданды.

Бұл туралы:

«Өңірге діни саланың қызметкерлерін даярлау бағытында өткен жылы өкілдіктің ұсынысымен «Исламтану» бөлімі ашылған болатын. Бүгінгі таңда «Исламтану» бөлімінде жастармен қатар қызмет етіп жүрген имамдармен молдалар да өз білімдерін шыңдап жатыр. Әсіресе әртүрлі діни курстардан өткен молдалар мұнда білім жетілдіріп, колледждің дипломына ие болады» дейді, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы.

Білім ордасында қазіргі таңда өкілдіктің жоғарғы білімді ұстаздары дәріс беріп жатыр.

Колледждің сырттай оқу бөлімінде оқып жатқан діни қызметкерлер бар ынта-жігерімен білім алуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру