Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық мешіт жанынан демеушілер және мешіт жамағатының көмегімен 100 балаға арналған сауат ашу курсының жаңа ғимараты бой көтерді. Заман талабына сай салынған ғимаратта 3 жатақхана, 25 орындық 4 сынып, асхана, дәретхана, 3 қызметтік пәтер, жуынатын орын, мәжіліс залы, кітапхана қарастырылған. Қалалық мешіт жанынан ашылған сауат ашу курсында діни білімі жоғары ұстаздар дәріс береді.
Ғимараттың ашылу рәсімінде облыстың өкіл имамы С.Сейтбеков қала мұсылмандарының қуанышына ортақтасып, құттықтау сөз сөйлеп, қол ұшын берген кәсіпкерлер мен мешіт жамағатына алғысын білдірді.
Арнайы жайылған дастархан барысында өкіл имам қол ұшын берген азаматтарға алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық баспасөз қызметкері
22.01.2019
3925
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру