ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде тұрақты дәріс алып, құран жаттауға ден қойған жамағатқа ұлттық сусын «бал қымыз» ұсынылуда.
Болашаққа нық қадам басу жолында исламмен біте қайнасқан дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында қолға алынған игі шарада қымыз, құрт, ірімшік сынды ұлттық тағамдар қойылады. Ақ дастарқан басында мешіт имамдары мен ұстаздары «мейірімділік», «ауызбіршілік», «дін мен дәстүр сабақтастығы», «бос уақыт пен денсаулықтың қадірін білу» секілді тақырыптарда ғибратты насихаттарын жүргізуде.
Бүгінде сенбі сайын құптан намазынан кейін ұйымдастырылып жатқан берекелі басқосудан қалмай қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп жатқандардың ішінде ақын М.Ниязов сынды сыйлы азаматтар да бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
21.01.2019
3740
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру