Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қажылық» қорынан Павлодарлық 5 имам жалақы алады

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 21.01.2019 2739 0 пікір
«Қажылық» қорынан Павлодарлық 5 имам жалақы алады

ҚМДБ-ның шешімімен биыл алғаш рет республикалық «Қажылық» қоры арқылы жергілікті жердегі діни қызметкерлерге жалақы төлей бастады.  «Мәшһүр Жүсіп»  мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат Павлодар облысы бойынша 5 имамға «Қажылық» қордан төленетін жалақыны табыс етті. Бұл жалақы жыл бойы республикалық қордан әр адамға  50 000 (елу мың) теңге көлемінде жалақыны міндетті түрде төлеуге шешім шығуының нәтижесі болмақ.

Имам Қанат Қабдыкәрімұлы:

«ҚМДБ-ы имам-молдаларға қаржылай қолдау жолдарын жан-жақты қарастырып жатыр. Осының бірі «Қажылық» қоры арқылы еліміз бойынша жүзден аса дін қызметшілеріне жалақы төлесе, солардың ішінде біздің облыстан Солнечный кенті мешітінің наиб имамы, Иса Байзақов аулы, Қызылтаң аулы, Қароба аулы, Есқара аулы мешіттерінің  дін қызметкерлері еніп отыр»,-деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру