Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ҚАЖЫЛЫҚ» ҚОРЫНАН АҚМОЛАЛЫҚ 7 ИМАМ ЖАЛАҚЫ АЛДЫ

www.muftyat.kz 21.01.2019 2751 0 пікір
«ҚАЖЫЛЫҚ» ҚОРЫНАН АҚМОЛАЛЫҚ 7 ИМАМ ЖАЛАҚЫ АЛДЫ

Биыл алғаш рет Бас мүфтидің бастамасымен «Қажылық» қорынан жергілікті жердегі діни қызметкерлерге жалақы төлеуге шешім қабылданған еді. Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит Ақмола облысы бойынша жеті имамға «Қажылық» қордан төленетін жалақыны салтанатты жағдайда табыс етті.

Бұл республикалық қордан әр адамға елу мың теңге көлемінде жүйелі бір жылға төленетін болып шешілді. Өкіл имам өз сөзінде соңғы уақыттары имам-молдаларға қаржылай қолдау білдіру жақсарып келе жатқанын айтты. «Қажылық» қор республика бойынша жүзден аса адамға жалақы төлесе, бұған біздің облыстан жеті дін қызметкері еніп отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру